

ҚР Сыртқы сауда палатасы Бейжіңдегі ШЫҰ Бизнес-форумына кәсіпкерлерді қатысуға шақырады

2025 жылғы 17 шілдеде Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында «Шанхай рухын ілгерілету: жеткізу тізбектерін дамыту және энергетиканың жасыл трансформациясы» тақырыбында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бизнес-форумы өтеді.
Іс-шараны Қытай халықаралық сауданы дамыту комитеті (CCPIT) Қытай халықаралық сауда палатасының (CCOIC) қолдауымен ұйымдастырады.
Форумның негізгі тақырыптары:
- энергетика саласындағы «жасыл» трансформацияны ілгерілету;
- орнықты даму және жасыл экономика;
- өзара байланыстарды тереңдету;
- өндірістік және жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту.
Форумның мақсаты – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында экономикалық байланыстарды нығайту, үздік тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Бағдарламада:
- тақырыптық сессиялар;
- B2B-кездесулер;
- халықаралық қатысушылармен нетворкинг;
- швед үстелі форматындағы іскерлік түскі ас.
Өтетін орны: Crowne Plaza Beijing Sun Palace қонақ үйі, Юньнань ғимараты, Күн сарайы көпірінің солтүстік-шығыс бұрышы, Бейжің қаласы.
Тіркеу 2025 жылғы 4 шілдеге дейін ашық: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdMpdn7wDQHfUEL7Vf5gfbGMQs1FR5sArTIow3gvr0VPxO-4Q/viewform?usp=dialog
ҚР Сыртқы сауда палатасы қазақстандық кәсіпкерлерді форумға белсенді қатысуға және ШЫҰ алаңын іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ өнімдерін халықаралық нарықтарға ілгерілету үшін пайдалануға шақырады.