Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Сербиядағы Қазақстан Елшілігінен алғыс хат алды
ҚССП 2026 жылғы 26 ақпанда Астанада өткен Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесінің бірінші кеңейтілген отырысы мен бизнес-форумы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінен алғыс хат алды.

Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мади Атамкұловтың үндеуінде шараны сәтті ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығы білдірілген. Бұл іс-шара Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды кезең болды.
Хатта B2B форматындағы кездесулер мен отырыстың жоғары деңгейде дайындалғаны атап өтілген. Дипломатиялық миссияның пікірінше, бұл іс-шаралар екі ел кәсіпкерлері арасындағы нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға зор мүмкіндік береді.
Елші сондай-ақ Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Карымсақовқа, Төрағаның кеңесшісі Дана Қасымоваға және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері Назерке Оразбековаға кәсіби шеберлігі, белсенді қатысуы және шараны жоғары деңгейде дайындауға қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді.