bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы жапондық ROTOBO бизнес-қауымдастығынан алғыс хат алды

img

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 2026 жылғы 22 мамырда Астанада өткен «Декарбонизация және қоршаған ортаны қорғау технологиялары бойынша жапон компанияларының таныстырылымы» іс-шарасының қорытындысы бойынша Жапонияның ROTOBO бизнес-қауымдастығынан алғыс хат алды.

Хатта іс-шараны дайындау мен өткізуге көрсетілген қолдау, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты экономикалық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірілді. Сонымен қатар, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовтың қатысуы мен сөзі, сондай-ақ кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны ерекше атап өтілді.

ROTOBO өкілдерінің айтуынша, іс-шара жоғары деңгейде өтіп, 100-ден астам қатысушыны жинап, екі елдің іскер топтары арасындағы пікір алмасу мен ынтымақтастықты нығайтудың тиімді алаңына айналды.

Алғыс хаттың табысталуы Қазақстан мен Жапония арасындағы халықаралық іскерлік өзара іс-қимылдың маңыздылығы мен серіктестік байланыстардың нығаюының тағы бір дәлелі болды.

view 25
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.