bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ат үстінен жебе ату бойынша ұлттық құрама командасының Пәкістандағы Әлем кубогына қатысуына қолдау көрсетті

img

2025 жылдың 7-12 ақпаны аралығында Пәкістанның Лахор қаласында ат үстінен жебе ату бойынша Әлем кубогы өтті. Бұл жарысқа Қазақстанды қоса алғанда, бес елдің спортшылары қатысты. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы турнир барысында ұлттық құрама командасына қолдау көрсетіп, отандық спортшылардың халықаралық аренада сәтті өнер көрсетуіне қажетті көмегін ұсынды.

Айта кетейік, жарыстар үш бағдарлама бойынша өтті: корей стилі, түрік стилі «Кабак» және «Кассай» стилі. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өңірлік өкілі Данияр Алтаевтың айтуынша, ұлттық құрама команда керемет нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Қазақстандық спортшылардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.

«Жамбы ату» ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов Лахордағы жарыс барысында көрсеткен қолдауы үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовқа алғысын білдірді.

«Ұлттық спорт түрлерін дамыту – бұл біздің мәдени мұрамызды сақтау мен Қазақстанды халықаралық аренада насихаттаудың маңызды бөлігі. Біз әрдайым отандық спортшыларды қолдауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға дайынбыз және оларды осындай беделді турнирлерде көргенімізге қуаныштымыз», – деп атап өтті Мұрат Қарымсақов.

 

view 98
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.