bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Notice Content and Services әріптестіктің жолдарын белгіледі

img

2025 жылғы 18 шілдеде Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының грек компаниясы Notice Content and Services негізін қалаушысы әрі бас директоры мырза Нектариос Нотиспен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Греция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ экспорт, маркетинг және іскерлік коммуникациялар саласындағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.

Қазақстан тарапынан кездесуге Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы Асан Жәкішев қатысты. Оның айтуынша, өнеркәсіптік және логистикалық инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан жаһандық сауда тізбектеріне интеграциялануға, өңдеу қуаттарын дамытуға және отандық экспортты ілгерілетуге көбірек көңіл бөлуде. «Біз дәл осы басым бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерді көріп отырмыз», — деді ол.

Кездесу барысында грек өнімдерін Қазақстан мен Орталық Азия нарығына тарату, сондай-ақ Notice Content and Services компаниясының медиаресурстары мен маркетингтік құралдарын пайдалана отырып, қазақстандық тауарларды Еуропалық одақ нарығына ілгерілету мүмкіндіктері қарастырылды.

Тараптар халықаралық көрмелерге, іскерлік форумдарға, бизнес-миссияларға қатысуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, косметика, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдары сияқты салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату алаңы ретінде қызмет көрсетуге және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Мырза Нектариос Нотистің бұл сапары Қазақстан мен Греция арасындағы тұрақты және өзара тиімді әріптестікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

view 29
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.