bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен CCPIT әрі қарайғы ынтымақтастық жоспарын талқылады

img

Бүгін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақовтың Қытайдың халықаралық сауданы дамыту комитеті (CCPIT) және Қытай халықаралық сауда палатасының өкілдерімен кездесуі өтті.

CCPIT тарапынан кездесуге Лю Юэ - CCPIT-тің Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Бас өкілі қатысты.

Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және әрі қарайғы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың дәйекті түрде нығайып келе жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ екі елдің даму институттары арасындағы тікелей өзара іс-қимыл бизнеске қолдау көрсетудің маңызды құралы болып табылатынына назар аударылды.

Өз сөзінде Мұрат Қарымсақов тараптардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Атап айтқанда, мемлекет басшылығы қойған екі ел арасындағы тауар айналымын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырманы орындау қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ ол екі елдің іскерлік қауымдастықтарымен жүйелі жұмыс жүргізудің және практикалық нәтижеге бағытталған өзара іс-қимыл тетіктерін дамытудың маңызын атап өтті.

Өз кезегінде Лю Юэ CCPIT-тің Қазақстандағы іс-шараларына көрсетіліп келе жатқан тұрақты қолдау үшін алғыс білдіріп, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы CCPIT-тің елдегі ең маңызды серіктестерінің қатарында екенін атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ Қытайда өтетін Supply Chain халықаралық көрмесі талқыланды. Тараптар бұл алаңның логистикалық және өндірістік тізбектерді дамытудағы маңызын атап өтіп, аталмыш көрмеге қазақстандық бизнестің белсенді қатысуының өзектілігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды тереңдету бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

view 57
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.