bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада Шетелдік...

Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысы өтті

img

2026 жылғы 2 шілдеде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Қанат Шарлапаев, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов және Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең Төрағасы Сабыр Есімбеков Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысына қатысты.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, оған мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, ірі шетелдік компаниялардың және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында экономиканы цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын дамыту, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, инвестициялық ахуалды жетілдіру, стратегиялық инвестицияларды тарту, заманауи инфрақұрылымды дамыту және мемлекет пен халықаралық бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын және мемлекеттің бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі жүйелі жұмысын жоғары бағалай отырып, Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.

Ұлттық палата мен ҚССП басшылығының Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысуы мемлекет, отандық бизнес және шетелдік инвесторлар арасындағы сындарлы диалогты одан әрі дамытуға, сондай-ақ еліміздің орнықты экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге деген ұстанымын айқын көрсетеді.

view 11
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.