bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қызметкерлері «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің Екінші отырысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды

img

Бүгін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум Төрағасы Райымбек Баталов 2025 жылғы 17 маусымда Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің Екінші отырысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан зор үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Марапаттау барысында форумды дайындау және өткізу кезінде Сыртқы сауда палатасы қызметкерлерінің белсенділігі, ұйымдастырушылық қабілеті және жеке жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Қызметкерлердің үйлесімді жұмысы мен кәсіби көзқарасының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өңір елдері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, әріптестік байланыстарды нығайтуға және отандық бизнестің экспорттық әлеуетін ілгерілетуге белсенді үлес қоса бермек.

view 58
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.