bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ҚССП семинары: Жапониямен...

ҚССП семинары: Жапониямен бизнес жүргізудің практикалық аспектілері

img

16 ақпанда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған қазақстандық компаниялардың Жапония нарығына шығуы және екіжақты іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған мамандандырылған семинар өтті. Іс-шара халықаралық әріптестікті кеңейтуге және жаңа экспорттық бағыттарды игеруге мүдделі бизнес өкілдері мен салалық ұйымдарды біріктірді.

Семинар гибридті форматта ұйымдастырылды: 11 қатысушы офлайн форматта қатысса, тағы 36 адам онлайн режимде қосылды. Мұндай формат елдің түрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлердің кең ауқымын қамтуға және белсенді пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Кездесуде спикер ретінде ҚССП-ның Жапониядағы өкілі Лейла Сарсембаева сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жапон бағытының қазақстандық бизнес үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, осы бағытта жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды.

«Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты - қазақстандық кәсіпкерлердің Жапония нарығына деген қызығушылығымен жалпы танысу. Жапонияда бір жарым жылдық жұмыс тәжірибеміз барысында біз кәсіпкерлерге барынша тиімді кеңес беру үшін жұмыс тетігін қалыптастыруға тырыстық. Биыл біз жергілікті серіктес табуға ниетті екі елдің кәсіпкерлеріне қолдау көрсету бойынша Жапония тарапымен бірлескен механизм әзірлеу туралы шешім қабылдадық. Бұл механизм осындай семинарларды өткізуге негізделетін болады. Бүгін біз ынтымақтастықтың жалпы мәселелерін талқылап отырмыз. Ал жақын болашақта жапон спикерлерінің қатысуымен, сондай-ақ Жапонияда қазақстандық спикерлермен осындай семинарлар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - Қазақстан мен Жапонияның шағын және орта бизнесі арасында тиімді іскерлік көпір болу және екі тарапты өзара тиімді ынтымақтастыққа әлеуеті бар бизнес салалары туралы хабардар ету», - деп атап өтті Лейла Сарсембаева.

Семинар барысында жапон компанияларымен бизнес жүргізудің негізгі аспектілері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар Жапонияда серіктестерді іздеу және тарту мәселелерін, іскерлік мәдениет пен этикет ерекшеліктерін, сондай-ақ жапон тарапымен келіссөздер жүргізу спецификасын талқылады. Жапон бизнес-ортасында табысты ынтымақтастықтың негізі болып табылатын ұзақ мерзімді әрі сенімді іскерлік қатынастарды қалыптастыру қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жапон компанияларының корпоративтік мәдениетінің ерекшеліктері мен басқарушылық шешімдер қабылдау тетіктері қарастырылды. Кәсіпкерлердің жапон нарығына шығу барысында жиі кездесетін негізгі қателіктері мен тәуекелдері айқындалып, іскерлік байланыстарды орнату және дамыту бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Қазақстандық компаниялардың жапон бизнесімен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне арналған бөлім ерекше қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, экспорттың перспективалы бағыттары, бірлескен жобалар және өзара іс-қимыл форматтары талқыланды. Сұрақ-жауап сессиясы барысында қатысушылар әлемдегі ең талапшыл әрі бәсекеге қабілетті нарықтардың біріне шығуға тиімді дайындалуға көмектесетін ұсынымдар алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу ҚССП-ның қазақстандық бизнесті халықаралық интеграция және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бағытында жүйелі түрде қолдап отырғанын растайды. Ұйымдастырушылар жапон серіктестерімен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі кәсіпкерлерге консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Семинар Қазақстан мен Жапония арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған диалог, тәжірибе алмасу және практикалық шешімдер қалыптастыру алаңына айналды.

view 85
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.