bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Румыния...

Қазақстан мен Румыния арасындағы әріптестіктің дамуы Астанада талқыланды

img

2025 жылғы 6 қазанда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Румыния делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны Румыния Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Михай Дарабан бастап келді. Кездесуге сондай-ақ Румынияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мэдэлина Лупу мен Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулы ханым Мартин қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 3 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен (2,87 млрд доллар) салыстырғанда 2%-ға артты.

2025 жылдың алғашқы 8 айында тауар айналымы 1,6 млрд АҚШ долларына жетіп, экспорт көлемі 9%-ға өсті. Қазақстанның Румынияға экспортының негізгі бөлігін мұнай, уран, газ және көмір құрайды, ал импорт құрылымында дәрі-дәрмек, электр жабдықтары мен аспаптар басым.

Румыния аумағында қазақстандық капиталдың қатысуымен 35 заңды тұлға тіркелген, ал Қазақстанда румындық қатысуы бар 39 компания жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер екі ел арасындағы іскерлік байланыстардың тұрақты дамуын және өзара сенім деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Румыния Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға және Қазақстан–Румыния іскерлік кеңесінің қызметін қайта жандандыруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ энергетика, көлік-логистика және индустрия салаларында бірлескен бизнес-форумдар, В2В кездесулер мен салалық іс-шаралар өткізу перспективалары талқыланды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов атап өтті: «Румыния – Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Екіжақты сауда айналымының өсуі және біздің елдердің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға белсенді қатысуы бизнес пен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Кәсіпкерлер палаталары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтып, шағын және орта бизнестің өзара іс-қимылына арналған нақты тетіктерді қалыптастырып жатырмыз. Бүгінгі кездесу нәтижелері жаңа жобалардың негізі болып, елдеріміз арасындағы сенімді нығайта түсетініне сенімдімін».

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға және энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жобаларды дамытуға өзара қызығушылықтарын білдірді.

view 72
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.