Астанада қытайлық құрылыс және технологиялық компаниялармен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
2026 жылғы 24 тамызда «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ҚССП-ның қытайлық құрылыс және технологиялық компаниялар делегациясымен кездесуі өтті. Қазақстандық тараптан кездесуді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық тарап Қытай компанияларының қызметімен, олардың технологияларымен, өнімдерімен және Қазақстан нарығындағы ықтимал жұмыс бағыттарымен танысты. Делегация құрамына құрылыс, құрылыс және әрлеу материалдарын өндіру, қасбеттік, терезе және есік жүйелері, өнеркәсіптік едендер, зияткерлік инженерлік жүйелер, сәулеттік жарықтандыру және энергия тиімді технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар кірді.
Атап айтқанда, Shanghai Aotong Building Materials Technology Co., Ltd., China Chemical Shuguang Construction Co., Ltd., Shengweiya (Shanghai) Building Materials Co., Ltd., Shanghai Shubai Intelligent Technology Co., Ltd., Shanghai Juyi New Energy Technology Co., Ltd., Shanghai Ronglin Holding Group Co., Ltd., Anhui Deyu New Materials Technology Co., Ltd., Shanghai Xiangyao Flooring Engineering Co., Ltd. және Changzhou Qingmu Automatic Door Co., Ltd. компаниялары таныстырылды.

Компаниялар құрылыс және әрлеу материалдары, интерьерді кешенді безендіру, бас құрылыс мердігерлігі, зияткерлік инженерлік жүйелер, энергия үнемдеу технологиялары, шыны және қасбеттік конструкциялар, өнеркәсіптік жабындар және автоматты есік жүйелері саласындағы шешімдерін ұсынды.
Тараптар Қазақстанға құрылыс және әрлеу материалдарын жеткізу және олардың өндірісін жергіліктендіру, бірлескен кәсіпорындар құру, технологиялар трансфері және қазақстандық мамандарды даярлау мүмкіндіктерін талқылады. Қытай компанияларының құрылыс, коммуналдық, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларға қатысу перспективаларына, сондай-ақ зияткерлік және энергия тиімді ғимараттарға арналған шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Келіссөздер барысында құрылыс салушылар, мердігерлер, өндірушілер, жобалау ұйымдары мен дистрибьюторлар арасынан қазақстандық серіктестерді іздеу, өнімді сертификаттау, сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік, сондай-ақ кепілдік және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Тараптар алдағы B2B-кездесулерді өткізу және нақты коммерциялық әрі инвестициялық ұсыныстармен алмасу мәселелерін талқылады.
Мұрат Қарымсақов қазақстандық тарап үшін дайын өнім импорты ғана емес, өндірісті жергіліктендіру, бірлескен кәсіпорындар құру, технологиялар трансфері, жергілікті мамандарды даярлау және сервистік орталықтар ұйымдастыру да басым бағыттардың қатарында екенін атап өтті. Қазақстандық шикізат пен құрамдас бөлшектерді пайдалануды, энергия тұтынуды төмендетуді, құрылыс мерзімдерін қысқартуды және нысандарды пайдалану сапасын арттыруды көздейтін жобаларға ерекше қызығушылық бар.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы сенімді қазақстандық серіктестерді іздеуге, девелоперлермен, мердігерлермен, өндірушілермен және дистрибьюторлармен мақсатты келіссөздер ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру және қытайлық компаниялардың Қазақстан нарығына практикалық шығу мәселелерін одан әрі пысықтауға жәрдемдесуге дайын.
