bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Ханчжоу қаласының Сиху ауданы делегациясымен кездесу өткізді

img

2026 жылғы 21 тамызда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ҚХР-дың Чжэцзян провинциясы Ханчжоу қаласының Сиху ауданының ресми делегациясымен кездесу өткізді.

Қытай делегациясын Сиху ауданы Коммунистік партиясы комитетінің Үгіт-насихат бөлімінің басшысы Ли Янчжан басқарды. Делегация құрамына ауданның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері де кірді.

Қазақстан тарапынан кездесуді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдаулетова өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар кинематография, креативті индустриялар, заманауи цифрлық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне, аудиовизуалды контентті жасау және ілгерілету барысында AI-технологияларын қолдануға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай мамандары арасындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар екі елдің салалық ұйымдары мен компаниялары арасында тікелей байланыстар орнату мүмкіндіктерін де қарастырды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және перспективалы бірлескен бастамаларды одан әрі пысықтауға қызығушылық танытты.

view 36
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.