Малайзиямен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының АСЕАН елдеріндегі арнайы өкілі Серік Әміровтің «MATRADE» – Малайзияның сыртқы сауданы дамыту корпорациясының Алматыдағы өкілдігінің басшысы Адуа Азмилмен кездесуі өтті.
Анықтама: «MATRADE» – Малайзияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрлігіне (MITI) қарасты мемлекеттік сауданы ілгерілету агенттігі, оның негізгі мақсаты – Малайзия экспортын әлемдік нарыққа дамыту және ілгерілету.
Кездесу барысында Серік Әмиров қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге тұрақты қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Малайзия арасында сауда ынтымақтастығының оң динамикасы байқалады. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы тауар айналымы шамамен 144,4 млн АҚШ долларын, ал 2025 жылы 221,1 млн АҚШ долларын құрады. Аталған көрсеткіштердің, әсіресе қазақстандық өнім экспорты тұрғысынан, өсу әлеуеті зор екені сөзсіз. Микро-, шағын және орта кәсіпорындардың (МШОК) Малайзия экономикасының дамуында маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Олар елдегі компаниялардың жалпы санының шамамен 96,1%-ын құрайды. МШОК жұмыспен қамтудың шамамен 48,7%-ын, жалпы ішкі өнімнің 39,5%-ын және ұлттық экспорттың 14,3%-ын қамтамасыз етеді. Бұл сектордың қызметі ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болумен қатар, әлемнің басқа өңірлерімен экономикалық байланыстарды серпінді дамытуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Адуа Азмил АСЕАН елдерімен ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті. Ол Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың әлеуетті өсу нүктелерін айқындап, малайзиялық компаниялардың ағымдағы жылдың қараша айында өтетін «FoodExpo Qazaqstan» халықаралық көрмесіне қатысу мүмкіндігін, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың 2026 жылғы қыркүйекте Куала-Лумпурда өтетін «MIHAS» халал өнімдерінің халықаралық көрмесіне қатысу жоспарларын таныстырды және басқа да бағыттарды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, байланыстарды нығайтуға, жеткізу және өткізу арналарының дамуына жәрдемдесуге, әлеуетті серіктестерді тартуға және консалтингтік қызметтер көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.