Қазақстандық компанияларды China International Consumer Products Expo 2026-ға шақырамыз!
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 13–18 сәуір 2026 ж. Хайнань провинциясы, Хайкоу қаласында өтетін 6-шы Қытай халықаралық тұтыну тауарлары көрмесіне қазақстандық компанияларды шақырады.
Бұл көрме Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі тұтыну тауарларын көрсету және насихаттау алаңдарының бірі болып табылады. Көрмеге 4000-нан астам компания және 480 000-нан астам қатысушы келеді, соның ішінде халықаралық дистрибьюторлар, сатып алушылар және инвесторлар.
Не үшін қатысу қажет:
✅ Өнімдеріңізді жаһандық аудиторияға көрсету
✅ Қытайдағы әлеуетті серіктестермен байланыс орнату
✅ Компанияңыздың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту
Қатысу және қосымша ақпарат алу үшін:
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы
Email: u.aiqyn@kazcic.kz
Тел.: +7 747 276 37 24