

Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды
2025 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Латвия Жұмыс берушілер конфедерациясы арасында Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастықтың жаңа механизмі сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге бағытталған.
Құжатқа Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Балтық елдеріндегі өкілі Роман Абенов, Латвия Жұмыс берушілер конфедерациясы тарапынан Ринальдс Плавниекс қол қойды.
Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесі екі елдің іскерлік қауымдастығы үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды, ақпарат алмасу, серіктестерді іздеу және перспективалы жобаларды іске асыру үшін тиімді алаң болады.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесі аясындағы бірлескен жұмыс екі ел арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп сенеді.