bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада "С5-Жапония"...

Астанада "С5-Жапония" бірінші Бизнес-форумы өтті

img

Бүгін Астанада Орталық Азияның бес мемлекетінің және экономиканың негізгі секторларында жұмыс істейтін 100-ден астам жетекші жапон компаниялары мен ұйымдарының өкілдерін біріктірген "C5+Жапония" бірінші Бизнес-форумы өтті. Оған ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты, ал іс-шараның модераторы Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов болды.

Бизнес-форумда жапондық делегациядан Marubeni Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Фумия Кокубу және ТМД елдерімен сауда жөніндегі жапондық "РОТОБО" қауымдастығының президенті Масами Ииджима сөз сөйледі.

Осылайша, форум алаңында Орталық Азия өңірі мен Жапония елдері делегацияларының 450-ден астам өкілі жиналды. Жапонияның іскер топтарының атынан Toyota Tsusho Corporation, Mitsubishi Heavy Industries EMEA, Ltd., Mitsui & Co., Ltd. сияқты ірі компаниялардың басшылары мен менеджерлері, ал сарапшылар қауымдастығынан салалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері және басқалар қатысты.

Олжас Бектенов өңірдің технологияларды трансферттеуге мүдделі екенін атап өтті.

ОА елдері мемлекеттік басқару секторын, финтех және электрондық коммерцияны жаңғыртуға мүмкіндік беретін бірегей it-экожүйені құруда, деп атап өтті ол.

"Жапония жаһандық ауқымдағы экономикалық және технологиялық көшбасшылардың бірі болып саналады. Өз кезегінде, Орталық Азия – бұл қарқынды дамып келе жатқан аймақ, оның өсу әлеуеті зор және жан-жақты ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалған. Біздің өңіріміз бен Жапония елдерінің ынтымақтастықты үдемелі кеңейту үшін зор әлеуеті бар деп санаймын. Бүгінгі нәтижелі келіссөздер біздің көпжоспарлы әріптестігімізді сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған", - деді премьер-министр.

Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы Мұрат Қарымсақов 1997 жылы Жапония Орталық Азия елдерінің өсіп келе жатқан әлеуетіне назар аударып, оларды Еуразиядағы "құнды және тұтас өңір" ретінде қарастырғанын атап өтті.

"2004 жылы Жапония аймақтағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды платформасына айналған "Орталық Азия + Жапония" (немесе "С5+1") форматын бастады. Бұл формат барлық қатысушы елдер үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда оң нәтиже береді. Бүгінгі таңда көптеген жапондық компаниялар Орталық Азияда жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Форум қатысушыларына тақырыптық панельдік сессиялар мен іскерлік кездесулер өткізу барысында осы сәтті кейстер мен тәжірибелермен егжей - тегжейлі танысуға мүмкіндік берілді", - деп толықтырды спикер.

Осылайша, Орталық Азия елдері өзінің табиғи, энергетикалық және адами ресурстарының, Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық жағдайының арқасында айтарлықтай даму әлеуеті бар маңызды экономикалық және серпінді дамып келе жатқан өңір болып табылады.

"Орталық Азия + Жапония" Диалогы аясындағы бизнес-форумның қорытындысы көпжоспарлы әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға арналған бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі құжаттарға қол қою болды.

Атап айтқанда, форум аясында Қазақстан Сыртқы сауда палатасы Мұрат Қарымсақов пен "Minamin Со., Ltd " Орталық Азияда Тұрғынов өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл құжат коммерциялық және кәсіпкерлік қызмет үшін экономикалық ақпаратпен, сондай-ақ екі тараптың нарықтарын дамыту үшін инвестициялық реттеу, экспорттық мүмкіндіктер мен импорттық қажеттіліктер туралы деректермен тұрақты алмасуды көздейді.

Өз кезегінде Қазақстан Сыртқы сауда палатасы серіктестер іздеуде, өкілдіктер ашуда, "Minamin Со., Ltd." ЖШС өнімдерінің көрмелерін ұйымдастыруда қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде "Minamin Со., Ltd " Жапонияда өкілдік ашуға, серіктестер іздеуге және осыған ұқсас келісімдер бойынша басқа да қызметтер көрсетуге жәрдемдесетін болады.

Осы Меморандумға қол қою өңір елдері мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен келешегін көрсетеді.

view 99
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.