Қазақстан мен Венгрия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары Астанада талқыланды
Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС өкілдері мен Венгрия Елшілігінің үшінші хатшысы, сауда кеңесшісі, консулы Ласло Кёвечешпен жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы тарапынан кездесуге Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мадина Есдәулетова қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.
Венгриялық компаниялардың ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында жоспарланып отырған халықаралық көрме іс-шараларына қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар жақын перспективада Венгрияның іскер топтары мен сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің Қазақстан Республикасына сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыру және екіжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтау туралы келісімге қол жеткізілді.