bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Металл сынықтарын...

Металл сынықтарын экспорттауға тыйым салынуына байланысты форс-мажор туралы куәлік алу тәртібі жөнінде

img

2025 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Индустрия және құрылыс министрінің №127 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 29 сәуірден бастап алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ теміржолға арналған бірқатар бұйымдарды экспорттауға тыйым енгізілді.

Бұл шектеулер ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарында көрсетілген тауарларға таратылады. Атап айтқанда, мыс, алюминий, қорғасын, қара металл сынықтары, пайдаланылған құбырлар, рельстер, жылжымалы құрам элементтері және басқа да бұйымдар.

Осыған байланысты, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды хабардар етеді: егер тыйым енгізілгенге дейін жасалған шарттық міндеттемелерді орындау мүмкін болмаса немесе күрделенсе, кәсіпорындар ССП РК-ға форс-мажор (төтенше жағдай) жағдайының туындағаны туралы куәлік алу үшін жүгіне алады.

Аталған құжат форс-мажор жағдайының ресми дәлелі болып табылады және қазақстандық компаниялардың шарттық қатынастар шеңберіндегі мүдделерін қорғауға пайдаланылуы мүмкін.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 47 28 81, +7 708 5854281

Өтініш беру тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Сыртқы сауда палатасының ресми сайтында орналастырылған:

https://kazcic.kz/services/svidetelstvovanie-obstoiatelstv-nepreodolimoi-sily

view 78
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.