Ұн экспорты бойынша жаңа келісім: Қазақстан Пәкістан нарығында позициясын нығайтады
26 қарашада Пәкістанның Карачи қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен Қазақстан Ұн тартушылар одағы мен Пәкістанның ірі экспорт-импорт компаниясы M.A. International арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат Қазақстаннан Пәкістанға бидай ұны мен оның қайта өңдеу өнімдерін экспорттауда ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік орнатуды көздейді. Меморандум екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және азық-түлік тауарлары бойынша өзара жеткізілімдерді кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстан Ұн тартушылар одағының Президенті Жомарт Мотышев бұл келісім бірлескен бастамаларды практикалық жүзеге асыруға жол ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, құжат өткізу нарықтарын кеңейтуге, логистикалық тізбектерді оңтайландыруға және қазақстандық ұн мен астық өңдеу өнімдерінің сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.