bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Мұрат Қарымсаков «2026 жылғы...

Мұрат Қарымсаков «2026 жылғы Жаңа жылдық қабылдау және Қытай-Қазақстан достығы мен өзара іс-қимыл кездесуі» іс-шарасына қатысты

img

 

2026 жылғы 6 ақпанда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсаков Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мырзаның, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері мен екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өткен «2026 жылғы Жаңа жылдық қабылдау және Қытай–Қазақстан достығы мен өзара іс-қимыл кездесуі» атты іс-шараға қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайтуға, іскерлік диалогты дамытуға және сауда-экономикалық, инвестициялық әрі гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.

Іс-шараның ресми бөлімінде сөз сөйлеген Мұрат Қарымсаков Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, мемлекетаралық уағдаластықтарды нақты экономикалық мазмұнмен толықтыруда іскер қауымдастықтың маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы өз сөзінде: «Қытайдың Жаңа жылы жаңару мен алға ілгерілеудің нышаны болып табылады. Оны біз сенім, өзара құрмет және стратегиялық әріптестік ахуалында бірге қарсы алып отырғанымыздың символдық мәні зор. Қазақстан мен Қытай сауда, инвестиция және өнеркәсіптік кооперация салаларында жүйелі ынтымақтастықты дамытып келеді, ал іскер қауымдастық стратегиялық келісімдерге нақты мазмұн беруде. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуді алдағы уақытта да қолдай береді», - деп атап өтті.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық-қытайлық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға жүйелі түрде жәрдем көрсетіп, кәсіпкерлер арасында тікелей байланыстар орнатуға қолдау білдіреді және сауда, инвестиция мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды сүйемелдейді.

 

 

 

 

view 72
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.