bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Вьетнам тауар...

Қазақстан мен Вьетнам тауар айналымын ұлғайту бойынша жаңа келісімдерге келді

img

Қазақстан мен Вьетнам тауар айналымын ұлғайту бойынша жаңа келісім жасасты

Бүгін ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев пен Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиеннің қатысуымен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті.

Комиссия отырысына Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының аппарат басшысы Асан Жәкішев, сондай-ақ Қазақстан мен Вьетнамның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру тақырыбын талқылады. Күн тәртібіне әлеуетті экспорттық тауарлардың тізімдерімен алмасу да шықты. Оған қоса Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру жөніндегі жұмысты және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Вьетнамның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ықпалдастық құрып, меморандумға отыру жайы айтылды.

Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамға, оның ішінде көмір, сирек жер металдары, астық, ұн, майлы дақылдар және әскери мақсаттағы өнімдер экспортын ұлғайту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы  Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 85,4% - ға ұлғайып, 979,2 млн. АҚШ долларын құраған. (2022 жылы - 528,3 млн. АҚШ).

view 124
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.