bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Инвестициялық жобалар мен...

Инвестициялық жобалар мен іскерлік келіссөздер: Қазақстан–Қытай форумының қорытындылары

img

2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан–Қытай инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық форум өтті.

Форумға «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС Коммерциялық қызмет департаментінің директоры Әлішер Даркембаев қатысты.

Іс-шара инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылауға, шетелдік инвестицияларды тартуға және экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамытуға бағытталды.

Форум аясында энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, цифрландыру және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық жобалар ұсынылды. Оларға CSG Smart Science & Technology Co. LTD, China Railway Group, Shanghai Chexiang New Energy Technology Co., Ltd. және басқа да жетекші қытайлық компаниялар қатысты.

Инвестициялық бастамаларды іс жүзінде іске асыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

B2B және B2G кездесулер барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған нақты жобаларды талқылап, алдын ала келісімдерге қол жеткізді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының аталған іс-шараға қатысуы халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге және қазақстандық әрі шетелдік серіктестер арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге бағытталған.

view 60
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.