bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

img

2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жақұтова мен Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасының (Грек Республикасы) бірінші вице-президенті, «MorelSteel» компаниясының президенті Константинос Мораитидис арасында кездесу өтті.

Кездесуді аша отырып, Диана Жақұтова грек делегациясының сапары Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту үшін маңызды практикалық мәнге ие екенін атап өтті. Ол екіжақты саудадағы оң динамикаға қарамастан, ынтымақтастық әлеуетін нақты жобаларды іске асыру, транзиттік бағыттарды дамыту және іскерлік байланыстарды нығайту арқылы одан әрі ашу қажеттігін жеткізді.

Аталған іс-шара аясында Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған құжат екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған және коммерциялық және кәсіпкерлік қызметке қатысты деректерді, инвестицияларды реттеу мәселелерін, экспорттық мүмкіндіктер мен импорттық қажеттіліктер туралы ақпаратты қоса алғанда, экономикалық ақпарат алмасуды кеңейтуді көздейді.

Тараптар бизнеске қолдау көрсету және оқыту саласында тәжірибе мен ақпарат алмасуға, делегациялармен өзара сапарларды ұйымдастыруға және Қазақстан мен Грекияның іскер топтары арасында екіжақты кездесулер өткізуге жәрдемдесуге, сондай-ақ екі ел аумағында өтетін сауда көрмелері, мамандандырылған экспозициялар, жәрмеңкелер, конференциялар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге уағдаласты.

Кездесу барысында кәсіпкерлік қауымдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға және өзара іс-қимылдың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға және Қазақстан мен Грек Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. 

view 66
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.