

Қазақстан мен Түркия экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бетін ашады

2025 жылғы 1 қазанда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «Қазақстан–Түркия» іскерлік кеңесінің өкілдері арасында кездесу өтті. Түрік делегациясының Қазақстанға сапары маңызды оқиға болды, себебі Кеңестің соңғы рет Астанаға келгеніне 10 жыл толды.
Кездесу барысында «Түркия–Қазақстан» іскерлік кеңесінің төрағасы Сельчук Юджэ құттықтау сөз сөйлеп, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін және түрік бизнесінің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге деген қызығушылығын атап өтті.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасының атынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жакутова сөз сөйлеп, Палатаның қызметі, негізгі жұмыс бағыттары және шетелдік серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер туралы презентация жасады. Ол Сыртқы сауда палатасы бизнес байланыстарды дамытуға арналған практикалық алаң болып табылатынын, қазақстандық және шетелдік компанияларға тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен жобаларды іске қосуға жәрдемдесетінін атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін сұрақ-жауап сессиясы өтіп, оның барысында түрік кәсіпкерлері Қазақстан нарығына шығу мүмкіндіктері және инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.
Айта кетейік, түрік делегациясының құрамына «Қазақстан–Түркия» іскерлік кеңесінің төрағасы Сельчук Юджэ, басқарма мүшелері Атилла Синаджы мен Саваш Зорлу, сондай-ақ Кеңестің Қазақстандағы өкілі Ахмет Будан кірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік диалогты одан әрі тереңдетуге және нақты инвестициялық бастамаларды бірлесіп пысықтауға уағдаласты.