bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен АҚШ...

Қазақстан мен АҚШ Вашингтонда жаңа жобаларды талқылайды

img

2026 жылғы 9 қарашада Вашингтонда B20 USA саммиті аясында сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды дамытуға арналған «Стратегиялық әріптестіктен нақты жобаларға» атты Қазақстан–Америка іскерлік дөңгелек үстелі өтеді. Іс-шараны «Атамекен» ҚР ҰКП, АҚШ Сауда палатасы және ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырады.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі – Қазақстан–Америка іскерлік кеңесінің құрметті тең төрағасы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, ERG және басқа да ұлттық әрі жеке компаниялардың басшылары, сондай-ақ АҚШ Сауда палатасына мүше жетекші америкалық компаниялардың өкілдері қатысады.

Кездесудің негізгі тақырыптары: инвестициялар мен сауда; цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және қаржылық технологиялар; көлік және логистика; аса маңызды минералдар, энергетика және өнеркәсіп. Қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың табысты тәжірибесін, перспективалы жобаларды және Қазақстанға америкалық капитал мен технологияларды тарту мүмкіндіктерін талқылайды. Ашық пікірталас форматы компанияларға өз ұсыныстарын тікелей таныстыруға және цифрлық әрі көлік инфрақұрылымын дамытудан бастап өнеркәсіптік кооперация мен стратегиялық шикізаттың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуге дейінгі бағыттарда әріптестік орнатудың алдағы қадамдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Бірлескен жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасына мультипликативтік әсер етіп, отандық жеткізушілер мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін қосымша тапсырыстар мен жаңа жұмыс орындарын құруға, технологиялар трансферті мен мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ете алады. Әріптестікті дамыту сабақтас салалардың өсуіне және қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуетін арттыруға да септігін тигізеді.

Саммит аясында инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қою жоспарлануда. Олар энергетика және газ өңдеу, цифрлық инфрақұрылым және жасанды интеллект, көлік және логистика, өнеркәсіптік кооперация және агротехнологиялар салаларын қамтиды. Қол жеткізілетін уағдаластықтар жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға және Қазақстан экономикасының басым салаларына инвестициялар тартуға негіз қалайды.

Алдағы кездесу қазақстандық бизнестің мүдделерін ілгерілетуге, халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейтуге және америкалық әріптестермен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналады.

view 43
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.