

Қазақстан мен Сингапур экономикалық ынтымақтастықты арттыруда

Сингапурда өткен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы аясында екі ел өкілдері арасында маңызды іскерлік байланыс орнатылып, нығайтылды. Ынтымақтастық туралы бірнеше маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл келісімдер серіктестік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Сингапур Қазақстан Республикасы үшін негізгі серіктес болып қала береді. 2023 жылы елдер арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 1,8 млрд доллар межесіне жетті. Осындай қарқын елдер арасындағы тығыз экономикалық байланыстарды растайды.
Мұндай белсенді өзара іс-қимылдың мәні тұрақты инвестициялық саясатқа ғана емес, сонымен қатар екі елдің стратегиялық маңызды орналасуы, әсіресе ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жатыр.
«Сингапурдың Сауда- өнеркәсіп палатасына мүше 10-нан астам компания Қазақстанда көмір химиясы және газ химиясы салаларында серіктестер іздеуге қызығушылық танытты. Бұл компаниялар озық технологияларды ұсынуға мүдде танытып қана қоймай сонымен қатар құрылысқа инвестиция салуға дайын. Сингапурлық компаниялармен әріптестік қатынастарды дамыту айтарлықтай пайда әкеліп, Қазақстанда бизнестің дамуына ықпал етуі мүмкін», – деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов атап өтті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлердің қатысуымен өткен түрлі іс-шараларда әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қолайлы инвестициялық ахуал жасау бойынша елдің ниетін білдірді. Мемлекет басшысы елдегі экономикалық реформалар Сингапурдың озық тәжірибесіне сәйкес еркін нарық, инновация мен білімді дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Сингапур өндірістік федерациясы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы келісімді қоса алғанда, форумда қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумдар екі елдің дамуы үшін бірлескен жобалар мен кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағытталады.
Айта кету керек, елдер арасындағы ынтымақтастық экономика, білім беру, энергетика, ақпараттық технологиялар, қаржы және мәдениет салаларынан басқа түрлі салаларды қамтиды.