bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Пәкістан...

Қазақстан мен Пәкістан экономикалық әріптестікті нығайтуда

img

2025 жылғы 9 қазанда сағат 12:00-де Қазақстан–Пәкістан іскерлік кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті. Пәкістан тарапынан Федерацияның Сауда-өнеркәсіп палаталарының (FPCCI) бірінші вице-президенті Сакиб Файяз Магун, Пәкістандық бөлімнің төрағасы Мехмуд уль Хасан Аван және Алматыдағы Сауданы дамыту агенттігінің (TDAP) өкілі Ризвана Кази қатысты.

Қазақстан тарапынан Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының (ҚССП) басқарма төрағасының міндетін атқарушы Диана Жакутова, ҚССП-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы өкілі Данияр Альтаев, сондай-ақ «Оптима Девелопмент», KSEP, «KORGAN» заң компаниясы, KAZAGRO-PRO және басқа да қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.

FPCCI өкілдері өз сөзінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, өзара сауда айналымын 1 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу ниеттерін білдірді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық және пәкістандық іскер топтарға сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда қолдау көрсетуге дайын екенін растады және елдер арасындағы іскер байланыстарды үнемі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы сауда палаталары арасында тұрақты байланыс орнатуға және бірлескен бастамаларды ілгерілету мақсатында диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Аталған онлайн-кездесу алғаш рет өтіп отырған жоқ: пәкістандық тараппен өзара іс-қимыл тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, 2025 жылғы 29 қыркүйекте Диана Жакутова мен «Атамекен» ҰКП Төрағасының кеңесшісі Қанат Алин Пәкістан бизнес-делегациясымен кездесу өткізді.

view 95
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.