bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Пәкістан екі...

Қазақстан мен Пәкістан екі елдің бизнесі арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға келісті

img

Алматыда "Атамекен" ҰКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев Равалпинди қаласының Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен, сондай-ақ кәсіпкерлер Сохейл Асаф мырза және Фарух Қази мырзамен кездесті.

Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Сыртқы сауда палатасының өкілі Данияр Әлтаев, қалалық мәслихат депутаты-кәсіпкерлік жөніндегі комиссияның басшысы Руслан Ыдырысов және кәсіпкер Максим Югай қатысты. 

Әңгімелесу қорытындысы бойынша қатысушылар іскерлік қызметті жандандыру, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы тікелей бизнес-байланыстарды дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыру, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде шешім қабылдады.

view 391
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.