

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері: халықаралық әріптестер үшін перспективалар
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы еліміздің экономикасына инвестиция салуға қолайлы жағдайлар туралы хабарлайды. Қазақстан халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес әрі тартымды бағыт ретінде өз позициясын нығайтып келеді.
Стратегиялық орналасуы
Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік-логистикалық торап болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік ету арқылы 180 миллионнан астам тұтынушысы бар нарықта тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Батыс Қытай нарықтарына шығу арқылы 500 миллионнан астам тұтынушыға қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Табиғи ресурстардың байлығы
Қазақстан уран, хром, қорғасын, мырыш, марганец, мыс, көмір, темір және алтын қоры бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі.
- Уран өндіру бойынша әлемде 1-орында
- Хром, қорғасын және мырыш қоры бойынша 2-орында
- Мыс қоры бойынша 5-орында
Дамыған инфрақұрылым
- 24 халықаралық әуежай және дамыған автожол желісі
- Ақтау және Құрық теңіз порттары (жылдық өткізу қабілеті 27 миллион тоннадан астам)
- Қытай мен Еуропа арасындағы барлық құрлықтық транзит тасымалдарының 70%-ы Қазақстан арқылы өтеді
- Интернетпен қамту деңгейі 77% болатын заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылым
Білікті адами капитал
- Халқының саны шамамен 20 миллион адам, оның ~40%-ы 25 жасқа дейінгі жастар
- Сауаттылық деңгейі — 100%
- Бәсекеге қабілетті орташа жалақы
- “Болашақ” бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам маман әлемнің үздік университеттерінде білім алған
- 128 жоғары оқу орны, оның ішінде 8 университет әлемдік «QS Stars» рейтингі бойынша мойындалған
Қолжетімді визалық режим
79 елдің, оның ішінде барлық ЭЫДҰ елдерінің азаматтары үшін визасыз кіру мүмкіндігі бар.
Инвесторларды мемлекеттік қолдау
Инвестициялық жеңілдіктер:
- 10 жылға дейін корпоративтік табыс салығынан және жер салығынан босату
- 5 жылға дейін импортқа арналған кедендік баждар мен ҚҚС-тан босату
- 8 жылға дейін мүлік салығынан босату
- Құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындардың 20%-на дейін өтеу
- Құрал-жабдықты ҚҚС пен акциздік төлемдерсіз сатып алу мүмкіндігі
Инвесторларға кепілдіктер:
- Инвесторлардың құқықтарын қорғау
- Кірістерді пайдалану құқығы
- Ұлттандыру және реквизиция жағдайында қорғау
- Инвестициялық қызмет туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу
Дамыған қолдау жүйесі
- 14 арнайы экономикалық аймақ және 37 индустриялық аймақ
- Қолдау институттары: «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» АҚ, «QazInnovation» АҚ, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа
Басым инвестициялық жобалардың бірыңғай базасы, ол жобаларды басқару, тәуекелдерді азайту және жедел іске асыруды қамтамасыз етеді.
Инвестицияға тартымды салалар
- Машина жасау
- Энергетика
- Көлік және логистика
- Тау-кен өндірісі және металлургия
- Азық-түлік өнеркәсібі және агробизнес
- Туризм
- Химия және мұнай-химия өнеркәсібі
- Қаржылық технологиялар (Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы)