bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Таяу Шығыстағы эскалация...

Таяу Шығыстағы эскалация және логистикадағы іркілістер: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы форс-мажорды растауға дайын

img

Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың шиеленісуі халықаралық сауда мен логистикалық тізбектер үшін тәуекелдерді күшейтіп, тасымалдарға, жеткізу мерзімдеріне және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына әсер етуде.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұған дейін өңірдегі шиеленістің күшейгенін атап өтіп, тараптарды жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырған болатын. Ведомство сондай-ақ орын алып жатқан оқиғалардың көлік қатынасына әсерін атап өтті.

«Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ өңір елдерінің көпшілігінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына жағдай толық тұрақталғанға дейін бұл аймаққа сапар шегуден бас тартуды қатаң түрде ұсынады», - делінген сыртқы саяси ведомствоның мәлімдемесінде.

Қозғалысқа қойылған шектеулер мен көлік бағыттарының өзгеруі халықаралық келісімшарттардың орындалуына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға еңсерілмейтін күш мән-жайларының (форс-мажор) туындағанын растайтын куәліктерді алу мүмкіндігі бар екенін еске салады.

Палатада мұндай жағдайларды уақытылы тіркеу бизнес мүдделерін қорғау және шетелдік серіктестермен келісімшарттық даулардың алдын алу үшін маңызды екенін атап өтеді.

view 44
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.