bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Солтүстік Македония мен...

Солтүстік Македония мен Қазақстанның бизнес мүмкіндіктері – тіркеуге шақыру

img

2025 жылғы 9 маусымда Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылығы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері және Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Тимчо Муцунски Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

Іс-шара сағат 11:30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында өтеді (Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, С3.3 блогы, "Әл-Фараби" залы).

Іс-шара аясында Солтүстік Македония делегациясы өндірістік-технологиялық секторға инвестиция тарту мүмкіндіктері мен туризмді дамыту әлеуеті туралы таныстырылым өткізеді.

Бұл дөңгелек үстел екі ел арасындағы әріптестікті нығайту және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолында маңызды қадам болады деп күтілуде.

Бизнес өкілдерін қатысуға шақырамыз, тіркелу үшін сілтеме арқылы өте аласыз: https://forms.gle/Fqe1QWMobJBKaPYg7

view 138
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.