bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Екіжақты ынтымақтастықты...

Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Исламабадта өткен бизнес-форумды ұйымдастырғаны үшін алғыс хат алды

img

2026 жылғы 4 ақпанда Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапары аясында өткен Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумы қорытындысы бойынша Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақовтың атына «АТК-2005» ЖШС-нен алғыс хат келіп түсті.

Хатта іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және кәсіби дайындалғаны атап өтіліп, оның екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және Қазақстан мен Пәкістанның бизнес-қоғамдастықтары арасындағы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалыптастырғаны көрсетілген.

Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы командасының біліктілігі мен үйлесімді жұмысы ерекше аталды. Форумды табысты ұйымдастыруға қосқан жеке үлесі, тиімді үйлестіруі және жауапкершілігі үшін Диана Жакутова мен Айжан Көшеноваға ерекше алғыс білдірілді.

Бизнес-форумды өткізу қазақстан-пәкістан серіктестігін дамытудағы маңызды қадам болып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қосымша серпін берді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы халықаралық іскерлік өзара іс-қимыл үшін қолайлы жағдай жасау және бірлескен бастамаларды іске асыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.

view 45
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.