bg
bg
Басты бет Жаңалықтар ҚССП қазақстандық бизнесті...

ҚССП қазақстандық бизнесті B20 USA 2026 саммитіне қатысуға шақырады

img

2026 жылғы 9–11 қарашада Вашингтонда (АҚШ) B20 USA 2026 саммиті өтеді. Бұл — іскерлік қауымдастық пен «Үлкен жиырмалық» (G20) арасындағы өзара іс-қимылға арналған халықаралық алаң. Іс-шараны АҚШ Сауда палатасы ұйымдастырады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мүдделі бизнес өкілдерін саммитке қатысу үшін 2026 жылғы 14 қазанға дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркелуге шақырады:

Саммитке тіркелу

Саммит халықаралық компаниялардың, ұлттық бизнес бірлестіктерінің, сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіреді. Жарияланған спикерлер қатарында Allstate, Halliburton, GE Vernova, UPS және басқа да ірі компаниялардың басшылары бар.

Күн тәртібінің негізгі бағыттары экономикалық өсу, халықаралық сауда, энергетика және инновациялар болады. Қатысушылар инвестицияларды ұлғайту, жаһандық жеткізу тізбектерін дамыту, жасанды интеллектіні қолдану, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін қарастырады.

Қазақстандық компаниялар үшін B20 USA 2026 саммитіне қатысу — жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, әлеуетті шетелдік серіктестермен танысуға және сауда, инвестиция мен технология салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік.

Анықтама: Business 20 (B20, «Іскерлік жиырмалық») — халықаралық іскерлік қауымдастықтың G20-мен өзара іс-қимылының ресми тетігі. Осы формат аясында жеке сектор өкілдері әлемдік экономиканың негізгі мәселелері бойынша «Үлкен жиырмалық» мемлекеттерінің басшыларына арналған практикалық ұсынымдар әзірлейді.

view 59
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.