Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Гуандун провинциясының іскер топтарымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2026 жылғы 27 қарашада Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Коммерциялық қызмет департаментінің директоры Алишер Даркембаев Қытайдың Гуандун провинциясы өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасының орынбасары Дай Вэньвэй бастаған делегациямен кездесті.
Қытай делегациясының құрамына Guangzhou Helibao Payment Technology Co., Ltd., Nanfang Petrochemical Group Co., Ltd., Zhuhai Xiaoniu Import and Export Trading Co., Ltd., Guangdong Haoxin Construction Group Co., Ltd., BGI Kazakhstan компанияларының, сондай-ақ Гуандун провинциясының салалық және іскерлік бірлестіктерінің өкілдері кірді.
Кездесу барысында Алишер Даркембаев «Атамекен» ҚР ҰКП мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қызметі, отандық кәсіпкерлерді қолдау құралдары, қазақстандық компаниялармен тікелей байланыс орнату және шетелдік делегацияларға қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы баяндады.
Тараптар мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс, қаржы технологиялары, биотехнологиялар және сыртқы сауда салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Сауда-экономикалық ақпарат алмасуға, бизнес-миссиялар ұйымдастыруға, кәсіпкерлердің көрмелерге қатысуына, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскерлік бірлестіктері арасындағы байланысты дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесуде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Гуандун провинциясының өнеркәсіп және сауда федерациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі де қаралды.
Анықтама. Гуандун провинциясының өнеркәсіп және сауда федерациясы 1953 жылы құрылған. Федерация 520 мыңнан астам мүшені біріктіреді және 250-ден астам ұйыммен және сауда палатасымен ынтымақтасады.