bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қытайдың Шаньдун провинциясының делегациясымен кездесті

img

2026 жылғы 27 қарашада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясынан келген делегациямен кездесті. Делегацияны Шаньдун провинциясының жеңіл өнеркәсіп саласындағы ұжымдық кәсіпорындары қауымдастығы кеңесі төрағасының орынбасары Чжан Юйцзе бастап келді.

Қазақстан тарапынан кездесуді Әлішер Даркембаев өткізді. Ол қонақтарды «Атамекен» ҚР ҰКП мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қызметімен таныстырып, кәсіпкерлерді қолдау, халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамыту және бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс орнату бойынша жұмыстың негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Қытай делегациясының құрамына Weifang Sichuang Environmental Protection Equipment, Shandong Jiahe Electric, Weifang Taili Packaging және Shandong Cifu Motor компанияларының өкілдері кірді.

Қытайлық компаниялардың өкілдері өз кәсіпорындарының қызметін, өндірістік мүмкіндіктерін және өнім түрлерін таныстырды. Олардың қатарында электротехникалық жабдықтар, электр қозғалтқыштары, картон қаптамалар, ағынды суларды тазарту және қалдықтарды кәдеге жарату жабдықтары бар.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өнімді Қазақстан нарығында ілгерілету перспективаларын, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қытай тарапы ұсынған өнім туралы материалдарды зерделеп, одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру үшін тиісті ұсыныстарды Қазақстанның бейінді кәсіпорындарына жолдайтын болды.

view 63
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.