bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Bpifrance Қазақстан және Франция компанияларының ынтымақтастығын талқылады

img

2026 жылғы 25 қарашада Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Bpifrance өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Қатысушылар екі елдің компанияларына іскер серіктестер табуға қалай көмектесуге болатынын және бірлескен жобаларды іске асыруда қандай қаржы құралдары сұранысқа ие болуы мүмкін екенін талқылады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Коммерциялық қызмет департаментінің директоры Алишер Даркембаев қазақстандық компаниялардың шетел нарықтарына шығуына Палатаның қалай қолдау көрсететінін айтып берді. Ол кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін жұмыс форматтарының қатарында іскерлік миссиялар мен B2B кездесулерді атап өтті.

Халықаралық жобаларды қаржылай қолдау туралы Bpifrance-тің Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Түркия және Орталық Азия бағыты жетекшісінің орынбасары Павло Стергард баяндады. Францияның мемлекеттік инвестициялық банкі кәсіпорындарды қаржыландырып, француз компанияларының экспортын қолдайды. Кездесуде таныстырылған құралдардың қатарында экспорттық кредиттерді сақтандыру және стратегиялық жобаларға мемлекеттік кепілдік беру тетігі (Strategic Projects Guarantee) бар.

Қазақстандық бизнес атынан талқылауға TG Global компаниясының бас атқарушы директоры Ерулан Мұстафин мен компанияның құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Аян Саринов қатысты. Олар «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген және инвестициялық қорлардың активтер портфельдерін сенімгерлік басқаруға маманданған TG Global компаниясының қызметі туралы айтып берді.

Қатысушылар Bpifrance-тің «Атамекен» ҚР ҰКП-мен және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындарды банктің қаржы құралдарымен таныстыру мүмкіндігін талқылады. Келіссөздер қорытындысында тараптар Қазақстан мен Франция кәсіпкерлерінің кездесуін ұйымдастыруға келісті. Кездесуде компаниялар тікелей байланыс орнатып, ықтимал бірлескен жобаларды талқылай алады.

view 17
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.