

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің Екінші отырысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді

2025 жылғы 17 маусымда Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің Екінші отырысы аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына іс-шараны дайындау мен өткізуге белсене қатысқаны үшін алғыс білдірілді.
Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының іскер топтары, мемлекеттік құрылымдары мен сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, тиімді іскерлік коммуникация мен өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетудегі Сыртқы сауда палатасының маңызды серіктес ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.
– Іскерлік кеңес отырысын ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына шынайы алғысымызды білдіреміз. Ұйымдастырудың үйлесімділігі мен кәсіби көзқарастың арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтті және елдеріміз арасындағы экономикалық өзара іс-қимыл үшін жаңа көкжиектерді ашты, – деп атап өтті Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің (CCPIT) төрағасы Жэнь Хунбин мырза.
Өз кезегінде, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы көпжақты экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растап, Іскерлік кеңестің алдағы отырыстары мен өңірлік диалогтың басқа да алаңдары аясында белсенді жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.