

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы KOTRA Almaty ұйымымен ынтымақтастықты нығайтады

Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары Мәдина Есдәулетова KOTRA Almaty агенттігінің коммерциялық атташесінің орынбасары ханым Ким Семи ханыммен кездесті.
Келіссөздер барысында Алматы қаласында өтетін алдағы конференция аясында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Тараптар қазақстандық және корей компаниялары арасындағы B2B форматындағы іскерлік байланысты дамытуға, сондай-ақ заманауи форумдар, конференциялар мен жәрмеңкелерді бірлесіп ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық бизнестің халықаралық іс-шараларға белсенді қатысуына жәрдемдесуге, тиімді іскерлік қарым-қатынас орнатуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы серіктестік қатынастарды нығайту үшін бірлескен бастамалардың маңыздылығын атап өтті.