Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы CCPIT Ningbo делегациясымен кездесу өткізді
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Нинбо қаласының Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің (CCPIT Ningbo) делегациясымен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және құқықтық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Қытай делегациясын CCPIT Ningbo төрағасының орынбасары Ся Цюнь бастап келді. Делегация құрамында Нинбо қаласы Әділет басқармасының Зерттеу және қадағалау департаментінің директоры Чэнь Хаоцзе, Нинбо қаласы Орта буындағы халық сотының банкроттық және тарату істері жөніндегі бас судьясы Мо Айпин, CCPIT Ningbo Құқықтық мәселелер бөлімінің басшысы орынбасары Ли Цзя және CCPIT Ningbo Коммерциялық медиация орталығының директоры Ма Линь болды.
Қазақстан тарапынан кездесуге «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда департаментінің басқарушы директоры Даурен Ауталипов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары, кездесудің модераторы Мадина Есдаулетова, қазақстандық бизнес өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыратын қызметкерлері қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту, Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды дамыту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Қазақстандық өндірушілерді қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, технологиялық жабдықтарды, заманауи өндірістік шешімдерді ұсынатын қытайлық өндірушілерді және жобаларды іске асыруға әлеуетті инвесторларды іздеу мәселелері қарастырылды. «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өкілдері отандық өндірушілердің перспективалы бастамаларын таныстырып, өндірістерді жаңғырту, инвестициялар тарту және өнімді жаңа нарықтарға шығару мақсатында қытайлық компаниялармен тікелей ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.
Келіссөздердің жеке бағыты халықаралық сауданы құқықтық сүйемелдеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналды. Кездесуге қатысушылар коммерциялық медиация, арбитраж және коммерциялық дауларды шешудің өзге де баламалы тетіктері бойынша тәжірибе алмасып, халықаралық жобаларды іске асыру және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ тараптар бірлескен бизнес-миссиялар, іскерлік форумдар, B2B кездесулер, көрме іс-шаралары, оқыту бағдарламалары мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ екі елдің сауда және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу арқылы Қазақстан мен Қытайдың іскерлік қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Нинбо қаласының Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитеті (CCPIT Ningbo) сауда, инвестициялар, бизнесті құқықтық сүйемелдеу және институционалдық өзара іс-қимыл салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық әлеуеті туралы ақпарат алмасуды, іскерлік әріптестер мен инвесторларды іздеуге жәрдем көрсетуді, бірлескен іскерлік іс-шараларды ұйымдастыруды, инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдауды, коммерциялық медиация мен арбитраж саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлік қауымдастықтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуды көздейді.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік әріптестікті нығайтудың маңызды қадамы болды және тараптардың практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы орнықты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.