bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның Сыртқы сауда...

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словакия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында онлайн кездесу өтті

img

2025 жылғы 27 мамырда Zoom форматында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словакия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында онлайн кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Каримсаков, Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігінің кеңесшісі Жан Қыстаубаев, ССП халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Дана Касымова, Словакия Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Петр Михок, Бас хатшы Мартин Хривик және халықаралық ынтымақтастық және еуропалық интеграция департаментінің директоры Зузана Шчепанова қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Қазақстан тарапы елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуін атап өтті – 2024 жылы бұл көрсеткіш 140,3 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда оң серпінді көрсетті.

«Бүгінде Словакияға экспортталатын негізгі өнім түрлеріне мұздатылған өнімдер, ферроқорытпалар, сондай-ақ түрлі машиналар мен құрылғылардың бөлшектері жатады. Ал Словакиядан Қазақстанға машиналар мен олардың қосалқы бөлшектері, түрлі техника мен жабдықтар, құрылыс материалдары, дәрілік заттар, азық-түлік, тоқыма өнімдері, жиһаз және басқа да тұтыну тауарлары жеткізіледі», – деді Мұрат Қарымсақов.

Бүгінде Қазақстанда словакиялық капиталдың қатысуымен 27 компания жұмыс істейді. Олардың қатарында: көзді лазерлік түзету бойынша медициналық орталықтар желісі «Oftum», резервтік электрмен жабдықтау жүйелеріне маманданған «ELTECO», қорғаныс өнеркәсібіне арналған химиялық барлау машиналарын сатумен айналысатын «KANTO METAL» және «CSBC», ет өңдеу өнеркәсібіне жабдық жеткізетін «PROGAST» және басқалар бар.

Мұрат Каримсаков Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы словакиялық бизнеске инвестициялық жобаларды іске асыру мен іскерлік байланыстарды дамытуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Әсіресе, бүгінде 87,6 млрд АҚШ долларын құрайтын 1280 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптасқан Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясындағы мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словакияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қоюға мүдделілік білдірілді. Бұл құжатқа қол қою Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицоның Қазақстанға жоспарланып отырған сапары аясында жүзеге асуы мүмкін.

Тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы іскерлік диалогты нығайту машина жасау, логистика, цифрландыру және жаңартылатын энергетика салаларындағы өзара тиімді жаңа жобаларға негіз болатынына сенім білдірді.

view 35
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.