Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС-нен инвестициялық жобаны іске асыруға көрсетілген қолдау үшін алғыс хат алды
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Каримсаков атына «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС-нен келісімшарт жасасуға және катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу жобасын іске асыру үшін қажетті инвестициялық преференциялар алуға көрсетілген қолдау мен жәрдем үшін алғыс хат келіп түсті.

Компания өз үндеуінде жедел қолдау мен тиімді үйлестіру үшін ризашылығын білдірді. Бұл қолдау Павлодар облысының Екібастұз ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Қожаншад тобының кен көріністері кен орындарының рудаларынан катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу» жобасының негізгі кезеңінен табысты өтуіне ықпал етті.
Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығына сәйкес Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулының құрамына енгізілгені атап өтілді. Инвестициялардың жалпы көлемі 9,4 млрд теңгені құрайды, ал нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Инвестициялық преференциялар алу жобаны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етудің және оны уақтылы іске асырудың маңызды факторы болды.
Аталған инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыруға бағытталған, бұл Қазақстанның индустриялық-инвестициялық дамуының стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық және халықаралық инвесторларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп, инвестициялық жобаларды іске асыруға, капитал тартуға және өнеркәсіпті дамыту мен іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Алынған алғыс хат Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының инвестициялық бастамаларды сүйемелдеу және елдің инвестициялық тартымдылығын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының маңыздылығын растайды.