bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада Қазақстан мен...

Астанада Қазақстан мен Латвияның іскерлік топтарының қатысуымен «Латвия — Қазақстан 2026» форумы өтті

img
 

25 мамыр күні Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, тікелей іскерлік байланыстарды кеңейтуге және Қазақстан мен Латвия бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған «Латвия — Қазақстан 2026» бизнес-форумы өтті.

Форум аясында қаржы және инвестициялар, агробизнес, ет және сүт өнімдері, «жасыл» экономика, көлік және логистика, IT және жасанды интеллект, сондай-ақ машина жасау салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды.

Форум жұмысына Латвияның Климат және энергетика министрлігінің парламенттік хатшысы Янис Ирбе, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Даце Рутка, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтары мен бейінді компанияларының өкілдері қатысты. ҚР ҰКП «Атамекен» атынан форумға Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Бауыржан Ахметаев қатысты.

Латвия делегациясы құрамында Rietumu Banka, AS Riga Port Group / Baltijas Tranzīta Serviss (BTS), Stena Line, Stena Line Ports Ventspils, VAKS, LATRAPS, SIA Riga Bulk Terminal, SIA Jaunzeltini / WT Terminals, KS Jurgensburg Agro, Scandagra Latvia, Cēsu gaļas kombināts, Smiltenes piens, STC, SIA Jauda, Latvijas valsts meži (LVM), SIA Antvort, SIA Orange NET, SIA Fixar / The Untitled Ventures компаниялары, сондай-ақ Балтық–Орталық Азия экономикалық даму қауымдастығының өкілдері болды.

Делегация қаржы және инвестициялар, логистика, порт инфрақұрылымы, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, экология, IT және инновациялар сияқты бағыттарды қамтыды. Қазақстан тарапынан ИП "Jan Ayar", «SP BKM» ЖШС, «MERIS» ЖШС, «Паскаль» ЖШС, PrimeAI Partners, «DOOR2DOOR» ЖШС, «Central Supply» ЖШС, «Қазақэкспорт» ЖШС, «Finex Standart» ЖШС, «AIMAR-INVESTMENT» ЖШС, «EXPO TIME» ЖШС және басқа да компаниялар қатысты.

Іскерлік бағдарламаның қорытындысы бойынша B2B-кездесулер өтті. Оның аясында қатысушылар ынтымақтастық перспективаларын, инвестициялық мүмкіндіктерді және қазақстандық әрі латвиялық бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын талқылады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы халықаралық кооперацияны дамытуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және латвиялық серіктестермен тікелей өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған форумға отандық бизнес өкілдерін ақпараттандыруға және қатысуға шақыруға ықпал етті.

Осындай іс-шараларды өткізу Қазақстан мен Латвия арасындағы іскерлік диалогты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

 
 
view 4
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.