bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астанада «Қазақстан –...

Астанада «Қазақстан – Түрікменстан» бизнес-форумы өтті

img

2026 жылғы 24 маусымда Астанада Қазақстан мен Түрікменстан кәсіпкерлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған «Қазақстан – Түрікменстан» бизнес-форумы өтті.

Іс-шара аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы қазақстандық компаниялар мен Түрікменстан Өнеркәсіпшілері және кәсіпкерлері одағының ресми делегациясы арасында B2B кездесулер сериясын ұйымдастырды.

Түрікмен делегациясының құрамына қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге, дистрибуцияны дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және тікелей келісімшарттар жасауға мүдделі жетекші жекеменшік компаниялардың басшылары мен өкілдері кірді.

Келіссөздер барысында тараптар көлік және логистика, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ химия салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Өткен кездесулер екі ел бизнес өкілдеріне жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, өнімдер мен шикізат жеткізу мүмкіндіктерін талқылауға, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын қарастыруға мүмкіндік берді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық компаниялардың B2B келіссөздеріне қатысуын ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеп, Қазақстан мен Түрікменстан кәсіпкерлері арасындағы тікелей диалог алаңын қалыптастырды.

 

Бизнес-форум екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті дамытудағы кезекті қадам болып, іскер топтардың сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін тағы бір мәрте растады.

view 42
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.