Республика күні қарсаңында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қызметкерлері марапатталды
Астанада ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Палата қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарымен және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Төрағасы Қанат Шарлапаевтың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары аясындағы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсенді қатысқаны, сондай-ақ Қазақстан мен Бельгия арасындағы әріптестікті нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен марапатталғандар:
Мадина Есдаулетова – Коммерциялық қызмет департаменті директорының орынбасары;
Лейла Талғат – баспасөз хатшысы;
Дильназ Әбілмәжінова – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері.



Сонымен қатар, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі, өз ісіне адалдығы және еңбек міндеттерін мінсіз орындағаны үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Төрағасы Қанат Шарлапаевтың құрмет грамоталарымен марапатталғандар:
Әділ Мұхамедьяров – Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары;
Шапағат Омарғалиева – жалпы мәселелер жөніндегі менеджер.


Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқармасының Төрағасы Мұрат Қарымсақов қызметкерлерді лайықты марапаттарымен құттықтап, олардың жетістіктері кәсібиліктің, жауапкершіліктің және үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
«Бұл марапаттар – әріптестеріміздің жеке еңбегінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Сыртқы сауда палатасының бүкіл ұжымының жұмысына берілген жоғары баға. Әрбір табысты іс-шараның, халықаралық кездесудің және қол жеткізілген келісімнің артында қызметкерлеріміздің үлкен еңбегі жатыр. Бұл еңбектің осындай жоғары деңгейде бағалануы ерекше қуантады. Мен біздің командамызды шын жүректен мақтан тұтамын және алда әлі де көптеген маңызды жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін. Баршаңызға кәсіби өсуді, жаңа табыстарды және үнемі жетілуге деген ұмтылысты тілеймін. Алдағы уақытта да бірлігімізді сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын дамыту жолында бірлесе еңбек етуіміз маңызды», – деді Мұрат Қарымсақов.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы марапатталған әріптестерін және бүкіл ұжымды Республика күнімен құттықтайды!