bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Ливия ауыл...

Қазақстан мен Ливия ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының перспективаларын талқылады

img

2026 жылғы 23 қазанда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Ливия делегациясымен кездесуі өтті. Тараптар ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуге Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы атынан Басқарма мүшесі — Аппарат басшысы Нұрлан Жанбатыров қатысты. Қазақстан Республикасы «Атамекен» ҰКП атынан Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Бауыржан Ахметаев пен Кедендік әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары Серік Мұсаев қатысты.

Ливия делегациясының құрамына Ливия Мемлекетінің Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мохамед Мустафа Хосни, министрліктің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілі Мустафа Мохамед Абушаала және Ливия Мемлекеті елшісінің орынбасары Абубакер Г. А. Абубакер кірді.

Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешендегі, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Ливия тарапы өз елінің өндірушілері және олардың өнімдерін Қазақстанға экспорттау мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде дәнді дақылдарды Ливия нарығына жеткізуге ерекше назар аударылды.

Нұрлан Жанбатыров өзара сауданың оң динамикасын атап өтіп, екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту қажеттігін айтты.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ливия арасындағы тауар айналымы 1,23 миллион АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,2 есе өсті. Сонымен қатар қазіргі көрсеткіштер елдеріміздің экономикалық әлеуетін толық көрсетпейді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы тікелей B2B-диалог орнатуға, серіктестерді іріктеуге және бірлескен жобаларды сүйемелдеуге жәрдемдесуге дайын», — деді Нұрлан Жанбатыров.

Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде қазақстандық дәнді және майлы дақылдарды, ұнды және басқа да қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу, сондай-ақ Ливиядан жеміс-көкөніс өнімдерінің, оның ішінде балғын және кептірілген жемістердің импортын кеңейту аталды. Жүйелі сауданы дамыту үшін логистикалық бағыттарды, жеткізу мерзімдері мен құнын, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды, сондай-ақ өзара есеп айырысудың сенімді тетіктерін пысықтау қажеттігі атап өтілді.

Бауыржан Ахметаев қазақстандық ет өнімдерін экспорттау мүмкіндіктеріне назар аударды. Ол Таяу Шығыста қой етіне сұраныстың артуы жағдайында әуе тасымалы салқындатылған етті балғын күйінде жедел жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Ливияға жеткізілімдерді дамыту үшін логистикалық сүйемелдеу мен бейінді ведомстволардың өзара іс-қимылын, ең алдымен жүк әуе қатынасы мәселелерін пысықтау қажет. Ол сондай-ақ Қазақстанның ет өндірісін ұлғайту әлеуеті зор екенін айтты. Мал шаруашылығындағы жаңа жобаларды іске асыру және жайылым ресурстарын кеңінен пайдалану өндіріс көлемін арттыруға және экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық өндірушілер мен ливиялық импорттаушылар арасында коммерциялық ұсыныстармен тұрақты алмасуға жәрдемдесуге, нысаналы B2B-кездесулерді, оның ішінде онлайн форматта ұйымдастыруға, сондай-ақ іскерлік ынтымақтастыққа консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

view 85
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.