bg
bg
Басты бет Жаңалықтар АӨСШК Іскерлік кеңесінің...

АӨСШК Іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы өтті

img

24 ақпанда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы, АӨСШК Іскерлік кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Қарымсақов Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында сөз сөйледі.Отырыста сондай-ақ АӨСШК Бас хатшысы, Елші Қайрат Шораұлы және АӨСШК Іскерлік кеңесінің Әзірбайжан, Түркия, Ресей өкілдері қатысты. Іс-шарада модератор ретінде «KOBİA» Басқарма төрағасының орынбасары Руфат Муаллим сөз сөйледі.

Өз баяндамасында АӨСШК Іскерлік кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Қарымсақов қазіргі таңда өзекті болып отырған негізгі мәселелерге тоқталды. Ол:  

«Инвестициялық мүмкіндіктер, ұлттық көзқарастар, цифрландыру, ақылды қалаларды дамыту және жасыл экономикаға көшу – бүгінде бұл тақырыптар бұрынғыдан да маңызды. Олар шағын және орта бизнестің тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі», – деп атап өтті.  

Сондай-ақ, ол 2025 жылдың 20–21 мамырында Баку қаласында өтетін сегізінші пленарлық отырыс пен оныншы Бизнес-форумның күн тәртібін бекітуді ұсынды.  

Мұрат Қарымсақов АӨСШК елдерінде шағын және орта бизнеске арналған Электронды кітап құру бастамасына ерекше назар аударды:  

«Мен АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Шораұлы мырзаның шағын және орта бизнеске арналған Электронды кітап құру жөніндегі бастамасын қолдаймын. Бұл кітап әр елдегі кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізу барысында маңызды нұсқаулық болмақ. Біз Электронды кітаптың жобасын әзірлеп, оны АӨСШК Хатшылығына таныстыру үшін ұсынамыз, сондай-ақ мүше елдердің ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу жұмыстарын жүргіземіз», – деді ол.  

Оның айтуынша, бұл құжат шағын және орта бизнесті қолдауға арналған маңызды және қажетті құрал болады.  

Баяндамасының соңында Мұрат Қарымсақов Әзірбайжанның АӨСШК-ге төрағалығы аясында қатысушыларға табысты жұмыс пен Баку қаласында өтетін алдағы іс-шаралардың сәтті ұйымдастырылуын тіледі:  

«Біз өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге және Іскерлік кеңестің жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізуге дайынбыз. Біздің ынтымақтастығымыз нақты нәтижелерге әкеліп, экономикаларымыздың тұрақты дамуына негіз болады деп сенемін», – деп қорытындылады ол.

view 132
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.