bg
Басты бет Жаңалықтар Райымбек Баталов Бейжіңде CITI ...

Райымбек Баталов Бейжіңде CITIC басшылығымен бірлескен өндіріс әлеуетін талқылады

img

2024 жылғы 26 қарашада Бейжіңде «Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы басқармасының Төрағасы Мұрат Қарымсақов және CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Си Гуохуа арасында кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы және болашақ бағыттарын талқылады.

Райымбек Баталов CITIC өкілдеріне Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

«Біздің еліміздегі сіздің «Қаражанбасмұнай» және CASPI BITUM сияқты жобаларыңыз мұнай-газ және инфрақұрылым салаларының дамуына елеулі ықпал ететін табысты серіктестіктің үлгісі болып табылады», – деп атап өтті Баталов.

Әңгіме барысында CASPI BITUM өндірісін жаңғырту және қуаттылығын жылына 750 мың тонна битумға дейін арттыру, сондай-ақ «Қаражанбасмұнай» кен орнында суды тұщыландыру жобасын аяқтау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 750 мың тонна битумға дейін арттыру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл қолданыстағы мұнай өңдеу жабдықтарын жаңғырту арқылы жүзеге асады (мұнайды қайта өңдеу көлемін жылына 1,5 миллион тоннаға дейін арттыру үшін ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңғырту). 2024 жылдың сәуірінде CITIC компаниясымен жабдықтарды дайындау, жеткізу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Жобаның құны – 31 миллиард теңге.

Райымбек Баталовтың айтуынша, бұл инвестициялық жобаны іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешуге Ұлттық палата кәсіби қолдау көрсетуге дайын.

Сонымен қатар, ол тұрақты энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы салаларындағы, әсіресе смарт технологияларды қолдану арқылы органикалық өнім өндіру бағытындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуетін атап өтті.

«Қазақстан Еуразияның жүрегінде орналасқан, біз өңірімізді неғұрлым тұрақты және гүлденген ету үшін бірлескен жеткізу тізбектерін құруда үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз», – деп қосты ол.

Өз кезегінде CITIC басшылығы Қазақстан нарығындағы өз қатысуын кеңейтуге және жаңа бастамалар бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыруға және нақты жобаларды пысықтауға келісті.

CITIC Group (China International Trust and Investment Company) 1979 жылы құрылған. Бұл – қаржы және банк қызметі, сақтандыру, өнеркәсіп және құрылыс секторларына инвестиция, энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, машина жасау, көлік және телекоммуникация, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі мемлекеттік конгломерат.

«Атамекен» ҰКП мен Халықаралық сауда палатасы үшін CITIC компаниясы инвестициялық және индустриялық жобаларды іске асыруда стратегиялық серіктес болып табылады. Бұл қазақстандық бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер ашып, озық технологияларды енгізуге, халықаралық инвестицияларды тартуға және елдің экспорттық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстан Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов.

2023 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша корпорацияның операциялық кірісі 100,7 миллиард долларды, таза пайдасы 3,9 миллиард долларды құрады. «CITIC Group» компаниясы Fortune Global 500 халықаралық рейтингінде 100-орынға ие.

Бейжіңге жасалған іскерлік сапар аясында Ұлттық палата басшысы Райымбек Баталов пен Қазақстан Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов жабдықтау тізбектерін ілгерілетуге арналған 2-ші Қытай халықаралық көрмесіне (CISCE) қатысты. Көрме өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына дейінгі негізгі салалардағы жетістіктерді көрсетті.

Биыл CISCE 70-тен астам бағытты қамтыды, оларда әртүрлі жеткізу тізбектерінде жаңа өнімдер, технологиялар, процестер және материалдар ұсынылды. 69 елден және халықаралық ұйымдардан 700-ге жуық экспонент қатысса, 100-ден астам елдің өкілдері, соның ішінде 80 ірі шетелдік сатып алушы келуші болды. Бұл алдыңғы сессия көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түсті. Шетелдік қатысушылардың үлесі 32%-ға дейін өсті, оның ішінде 50%-ы Еуропа мен Америка өкілдері, ал 60%-дан астамы Fortune Global 500 тізіміндегі ірі әлемдік компаниялар. Fortune Global 500 тізіміндегі, Қытайдың ең ірі 500 кәсіпорны және Қытайдың ең ірі 500 жеке компаниясындағы қатысушылар саны сәйкесінше 42%, 46% және 70%-ға артты.

view 42
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.