bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Нұрлан Жанбатыров...

Нұрлан Жанбатыров Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы болып тағайындалды

img

2026 жылғы 3 қыркүйекте Жанбатыров Нұрлан Арунұлы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Жанбатыров 1985 жылы дүниеге келген. 2007 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Әр жылдары Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінде, ЕҚЫҰ департаментінде, Еуропа департаментінде, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінде және ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінде қызмет атқарған.

Шетелде дипломатиялық қызмет атқару тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігінің консулы және Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. Дипломатиялық қызмет аясында халықаралық ынтымақтастық, сыртқы саяси талдау, ақпараттық-имидждік, консулдық және хаттамалық жұмыс мәселелерімен, сондай-ақ ресми сапарлар мен іс-шараларды ұйымдастырумен айналысқан.

Кейіннен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-да жұмыс істеп, сарапшыдан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорына дейінгі қызметтік жолдан өтті. Қазақстандық экспортты ілгерілету және компанияның шетелдік өкілдіктерін ашу мәселелерімен айналысты. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарып, компанияларды дамытуға және бизнес-процестерді ұйымдастыруға жауапты болды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына тағайындалғанға дейін «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-да халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі консультант болып жұмыс істеді.

 

Жаңа қызметінде Нұрлан Жанбатыров Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Аппаратының қызметіне жетекшілік етеді, ішкі ұйымдастырушылық процестер мен құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оның кәсіби тәжірибесі Палата жұмысының тиімділігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық бизнесті сыртқы нарықтарда қолдау жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

view 39
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.