bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Мурат Каримсаков Жапонияның...

Мурат Каримсаков Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Ииджима Ясумасамен кездесті

img

2024 жылғы 10 ақпанда Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Каримсаков Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ииджима Ясумасамен кездесті.

Ізет білдіру кездесуінде тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында кітап сыйға тарту рәсімі өтті.

Мұрат Каримсаков Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметіне қысқаша шолу жасап, олардың Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар жақын арада Токиода өтетін Қазақстан делегациясының Жапонияға сапарын талқылады.

Жапония – Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,1 миллиард АҚШ долларына жетті. Қазақстан Жапонияға ферроқорытпалар, мұнай, алюминий және тантал экспорттайды, ал импорттың негізгі баптары – автомобильдер, құрылыс техникасы және медициналық жабдықтар.

Кездесу конструктивті және достық жағдайда өтті, Қазақстан мен Жапония арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілік расталды.

view 121
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.