bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Сыртқы Сауда...

Қазақстан Сыртқы Сауда Палатасы Қазақстан-Француз Бизнес-Форумына қатысты

img

2025 жылғы 28 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Франция Республикасының Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары мәселелері жөніндегі өкілетті министрі Лоран Сен-Мартеннің қатысуымен Қазақстан-Француз бизнес-форумы өтті.

Форум Қазақстан экономикасының энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы және тұрақты қалалық даму сияқты негізгі салаларына француз инвестицияларын тарту және серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаң болды.

Қазақстан Сыртқы Сауда Палатасынан форумға Басқарма мүшесі – Аппарат Басшысы Асан Жәкішев пен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диана Жақутова қатысты. Іс-шара аясында B2B және B2G форматтарында екіжақты кездесулер өтіп, қазақстандық бизнес, француз компаниялары мен мемлекеттік органдар өкілдері арасындағы практикалық ынтымақтастықтың нақты бастамалары мен перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ, пленарлық сессия барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан мен Франция арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті:

«Франция – Қазақстанның Еуропалық одақтағы саяси және экономикалық тұрғыда негізгі серіктестерінің бірі. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен TotalEnergies, Orano, Alstom, Vicat, Danone, Air Liquide сияқты танымал брендтерді қоса алғанда, 170-тен астам компания жұмыс істейді. Франция тұрақты түрде Қазақстанның он ірі сауда серіктесінің қатарына кіреді және инвестиция көлемі бойынша ЕО елдері арасында бірінші орында. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 17 миллиард АҚШ долларынан асты. Тек өткен жылы құны шамамен 300 миллион долларды құрайтын алты бірлескен жоба іске асырылды, ал қазір 20-дан астам бастама жүзеге асырылу кезеңінде. Біз француз бизнесінің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз».

Өз кезегінде француз спикерлері қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге жоғары қызығушылықтарын білдіріп, басым секторларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті. Ерекше назар тұрақты даму, өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансфері және екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне аударылды.

view 76
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.